Кредиттік серіктестіктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазандағы № 391 Қаулысы (күші жойылды)
Кредиттiк серiктестiктердiң жарғылық және меншiктi капиталдарының
ең аз мөлшерi туралы Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі басқармасы 2000 жылғы 13 қазандағы № 391 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 04.07.03 ж. № 223 Қаулысымен күші жойылды
Кредиттiк серiктестiктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың клиенттерiнiң мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жаңадан құрылатын мынадай серiктестiктер үшiн жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi былайша белгiленсiн:
1) кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
2) кредиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
3) ауылдық кредиттiк серiктестiктер үшiн - 1 млн. теңге.
2. Меншiктi капиталының ең аз мөлшерi былайша белгiленсiн:
1) кредиттiк-депозиттiк серiктестiктер үшiн - 100 млн. теңге;
2) кредиттiк серiктестiктер үшiн - 10 млн. теңге;
Документ утратил силу
Демо – версия документа