Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы № 357 Жарлығы (2015.01.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы № 357 Жарлығы

(2015.01.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереже бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3014 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 27, 225-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережеге толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 3919 Жарлығы.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции