Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы»
ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы
№ 334 Жарлығы

ҚР Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.

3. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 11 ақпандағы № 1094 Қаулысының күші жойылған деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрi - Әскери доктрина) мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстардың (бұдан әрi - әскери қақтығыстардың) алдын алуға, әскери құрылыс iсiне, сондай-ақ ұлттық мүдделердi қорғау және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға негiз болатын көзқарастар жүйесi болып табылады.

Осы Әскери доктрина егемен мемлекеттiң қалыптасуы және екi жақты әлемнен көп жақты әлемге көшу кезеңiнде әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруға бағытталған 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының негiзiнде әрi оны дамыта отырып әзiрлендi. Бұл мiндет негiзiнен орындалды.

Бүгiнгi таңда жаңа Әскери доктринаны қабылдау үшiн бiрқатар iшкi және сыртқы алғы шарттар бар.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку