Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сарапшысы біліктілігін берудің тәртібі туралы Ереже (ҚР Әділет Министрінің 1998 ж. 16 наурыздағы № 181 бұйрығымен бекітілді) (ҚР Әділет министрінің 03.04.02 ж. № 185 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

1998 ж. 16 наурыздағы

№ 181 бұйрығымен

Бекітілді

ҚР Әділет министрлігінің 2005.05.08. № 214 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы
орталығында сот сарапшысы біліктілігін берудің тәртібі туралы Ереже
(ҚР Әділет министрінің 03.04.02 ж. № 185 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)

1. Сот сарапшысы біліктілігін беру Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңының 15-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Біліктілік емтиханын тапсыру сот сараптамасы ісін жүргізуді іс жүргізу заңдары және сот сараптамасы аумағында қазіргі ғылыми жетістіктер талабына сәйкес жоғарғы кәсіби деңгейді қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Сот сарапшысының біліктілігінің болуы аттестациядан өту мен сот-сараптама қызметімен шұғылдану құқығына лицензия алудың міндетті негізі болып табылады.

2. Сот сарапшысының біліктілігі сарапшылық мамандықтардың тізбесіне сәйкес сарапшылық мамандықтар бойынша беріледі.

3. Сот сарапшысының біліктілігі сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын адамдарға да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Сот сараптамасы туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының талаптарын орындайтын және сарапшыларды дайындаудың типтік бағдарламалары негізінде сот сараптамасы аумағында тиісті дайындықтан өткеннен басқа да адамдарға беріледі.

Арнайы ғылыми білім-біліктің қажетті көлемін игеру Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы базасында оқу немесе жеке өз бетімен дайындалу негізінде жүзеге асырылады.

ҚР Әділет министрінің 03.04.02 ж. № 185 бұйрығына сәйкес 4-тармаққа өзгерістер енгізілді

4. Сот сарапшысы біліктілігін Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы береді.

Біліктілік комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығы директорының ұсынысымен бекітіледі.

5. Біліктілік комиссиясының қызметі мен материалды ресімдеу тәртібі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы" Нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку