Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы Орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы (ҚР Әділет Министрінің 1998 ж. 16 наурыздағы № 181 бұйрығымен бекітілді) (күші жойылды)

ҚР Әділет министрлігі 1999.14.06. № 44 Бұйрығымен ; ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 128 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Әділет Министрінің

1998 ж. 16 наурыздағы

№ 181 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің
Сот сараптамасы Орталығы жанындағы біліктілік комиссиясы қызметінің тәртібі туралы
Нұсқау

1. Біліктілік комиссиясының қызметі "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Сот сараптамасы орталығында сот сараптамасы біліктілігін беру тәртібі туралы" Ереже негізінде жүзеге асырылады.

2. Біліктілік комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын жоспарлайды, мәжілістерді шақырады және басқарады, комиссияның жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің алдында есеп береді.

3. Комиссияның хатшысы мәжілістерді өткізу үшін материалдар дайындайды және оларды комиссияға баяндайды, комиссияның жұмысы жөніндегі істерді жүргізеді, сот сараптамасы біліктілігі берілген адамдардың есебін жүргізуді жүзеге асырады.

4. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі мәселені қарау үшін мына төмендегі материалдар комиссияға тапсырылады:

- сот сараптамасы біліктілігін беру туралы негізделген ұсыныс;

- кәсіби дайындықтың басшысы дайындаған пікір;

- сынақтарды тапсыру туралы мәліметтер;

- ізденушінің дайындық кезінде қатысқан сараптамалары бойынша бақылау ісін жүргізу.

5. Сот сарапшысы біліктілігін беру туралы мәселені комиссия бір ай мерзім ішінде қарайды.

6. Мәжіліс процесіне комиссия ұсынылған материалдарды тексереді, ізденушіден емтихан алады және кәсіби дайындық басшысы мен құрылымдық бөлімше басшысының пікірін тыңдайды. Талқылаудың нәтижесі бойынша комиссия оның дайындық деңгейін бағалайды және шешім қабылдайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку