Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мәселелері » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1788 қаулысы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызметiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1788 Қаулысы

(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы» 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 және «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң мәселелерi» туралы 1997 жылғы 17 қарашадағы № 1593 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1.   ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен алып тасталды

ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.07.06. № 753 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді  

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 305-құжат):

1-тармақтың екiншi абзацындағы, 2-тармақтағы, 3-тармақтың төртiншi абзацындағы, 4, 5-тармақтардағы «мемлекеттік комитетiне», «мемлекеттік комитетiнiң», «мемлекеттік комитетi» деген сөздер «комитетiне», «комитетiнiң», «комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтың екiншi абзацы «филиалын» деген сөзбен аяқталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөніндегі өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiне берсiн»;

2-тармақтағы «өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi» деген сөздер «жоғары техникалық училищесi» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi (ТЖМК Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi) туралы ережеге:

атауындағы «мемлекеттік комитетiнiң» деген сөздер «комитетiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын, «ТЖМК» деген сөз алынып тасталсын;

мәтіндегі «мемлекеттік комитетiнiң» деген сөздер «комитетiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақтағы «қазақ және орыс тiлдерiнде» деген сөздер «мемлекеттік тiлде» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға қосымшаға:

атауындағы «мемлекеттік комитетiнiң» деген сөздер «комитетiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi бiрiншi жолдағы «ТЖМК» деген сөз алынып тасталсын, «42», «41» деген сандар «40», «39» деген сандармен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 2-жолдағы «23», «20» деген сандар «27», «21» деген сандармен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 3-жолдағы «22», «18» деген сандар «24» деген санмен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 4-жолдағы «Көкшетау өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi» деген сөздер «Көкшетау техникалық жоғары училищесi» деген сөздермен ауыстырылсын, «80», «65» деген сандар «87», «72» деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдар тиiсiнше реттiк нөмiрi 5 және 6-жолдар болып есептелсiн;

«жалпы» деген жолдағы «189», «9691» деген сандар «178», «9690» деген сандармен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
 

ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен күші жойылды

 

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Үкіметінiң

                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы

                                       № 1788 қаулысына

                                       қосымша

 

               Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

            жөніндегі комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы

                       қызметi департаментiнiң

 

                               ҚҰРЫЛЫМЫ

 

     Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы

 

     Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы

 

     Кадр және оқу орындары басқармасы

 

     Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции