Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң
Мемлекеттік өртке қарсы қызметiнiң мәселелерi »
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы N  1788 қаулысы

( ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2005 ж.30  маусымдағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы 1997 жылғы 17 қарашадағы № 1593 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1.   ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен алып тасталды

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызметiн ұйымдастырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат):

атауындағы және мәтiніндегі "мемлекеттік комитетiнiң", "мемлекеттік комитетiмен", "мемлекеттік комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "комитетiнiң", "комитетiмен", "комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат);

көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:

2-бағандағы реттiк нөмiрi 32-жолдағы "мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку