Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1778 қаулысы (ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінiң құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1778 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 21.07.99 ж. № 1022 қаулысымен күші жойылды

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгердi

"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң құрылыс iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже бекітілсiн.

2. Комитеттiң құрылымы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

3. Ғылыми-техникалық кеңес Комитеттiң алқалық органы болып белгiленсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

 

 

 

 

Н. Балғымбаев

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1997 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 1778 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Респубикасы Энергетика, индустрия

және сауда министрлігінiң құрылыс iстерi жөніндегі

комитетi (Қазқұрылыскомитетi) туралы

ереже

Миссиясы

Адамның Қазақстан Республикасы аумағында өмiр сүруi мен тыныс-тiршiлiгiнiң толық мәндi ортасын құру.

I. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң құрылыс iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік басқару органы болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң шешiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады.

Заңдарда және нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген шектерде құрылыс, сәулет, қала құрылысы, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базасын дамыту, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында мемлекеттік саясатты iске асыруда салааралық үйлестiру мен басшылықты жүргiзедi.

4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 5-тармақ өзгердi

5. Комитеттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігін ұстауға республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының есебiнен жүзеге асырылады.

II. БАСЫМДЫҚТАРЫ

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 6-тармақ өзгердi

6. Комитеттiң қызметіндегі басымдықтары мыналар болып табылады:

Қазақстан-2030 стратегиясына сәйкес тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыру және тұрғын үй рыногын қалыптастыру;

нарықтық жағдайларда жұмыс iстеу үшiн шаруашылық жүргiзу принциптерi мен өндiрiс жүйелерiн реформалау;

құрылыс саласы мен сәулет-қала құрылысы қызметiн нормативтiк қамтамасыз етудiң ұлттық жүйесiн дамыту;

халықаралық сертификаттаумен бәсекелестiк қабiлетi құрылыс өнiмдерi өндiрiсiн дамыту.

III. МIНДЕТТЕРI МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 7-тармақ өзгердi

7. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:

елде тұрғын үй проблемасын кезең-кезеңiмен шешу;

тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелендiру схемасын әзiрлеуге қатысу;

салаға инвестициялар тарту үшiн жағдайды жақсарту және тұрғын үй рыногын дамыту;

аумақтарда оңтайлы құрылыс салу және елдi мекендердi дамыту; салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыру;

өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн жобалауға, құрылысын салуға және пайдалануға арналған нормативтiк-техникалық құжаттамалардың базасын дамыту;

әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымдарды, коммуналдық шаруашылықтың бас ғимараттарын дамыту;

озық технологияларды қолдану және тиiмдi материалдар мен бұйымдар, импортты алмастыратын құрылыс өнiмдерiн шығару негiзiнде құрылыстың өндiрiстiк базасын дамыту бағдарламасын iске асыру;

құрылыс өнiмдерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау, объектiлердiң құрылысы мен оларды пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

отандық жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлеттiгiн жаңа құрылыста инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;

еңбек пен құрылыс өнiмдерiнiң iшкi рыногын қорғау;

құрылыс қызметiнде интеграциялық процестердi тереңдету болып табылады.

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 8-тармақ өзгердi

8. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды орындайды:

саланы мемлекеттік басқаруды, сәулет-қала құрылысы қызметiн салааралық және аумақтық үйлестiру мен мемлекеттік тұрғын үй және құрылыс саясатын iске асыруды жүзеге асырады;

құрылыс, сәулет, қала құрылысы салаларында мемлекеттік саясатты, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының өндiрiстiк базаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастырады және олардың iске асырылу барысына бақылау жасайды:

сәулет-қала құрылысы қызметi саласында мемлекеттік реттеудiң қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға бара-бар әдiстерiнiң жүйесiн әзiрлейдi, нарықтық қатынастарды жетiлдiруге, әлеуметтiк әрiптестiктi дамытуға ықпал етедi;

өз құзыретiнiң шегiнде өзге де мемлекеттік органдардың құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

салалық ғылыми-техникалық саясатты әзiрлейдi және жүргiзедi, бағдарламаларды iске асыруды ұйымдастырады;

инженерлiк iзденiстер, жобалау, қала құрылысы, құрылыс, күрделi жөндеу, қайта жаңарту, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру саласында нормативтiк актiлердi, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану саласында нормативтiк актiлердi әзiрлейдi;

мемлекеттік тұрғын үй саясатын, тұрғын үй құрылысы, құрылыс материалдары өндiрiсiнде жаңа технологияларды дамыту және құрылыс индустариясының өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру бағдарламаларын iске асыру жөніндегі iс-қимылды үйлестiредi;

халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн толық мәндi орта жасау мақсатында қалалар мен басқа да елдi мекендерде құрылыс салу барысында халықты орналастыру жүйесiн жетiлдiру, үйлер мен ғимараттардың конструктивтiк сенiмдiлiгi мен сәулет-көркемдiк шешiмдерiнiң сапасын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

белгiленген тәртiппен тұрғын үй саясаты, құрылыс, сәулет, қала құрылысы мәселелерi, құрылыстың, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын дамытудың басымдықты бағыттары жөніндегі заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi және енгiзедi;

Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң, сондай-ақ басқа да министрлiктер мен ведомстволардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;

сәулет-қала құрылысы саласындағы мемлекеттік техникалық нормативтердi, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану мен күтiп ұстау жөніндегі нормативтердi әзiрлеудi қамтамасыз етедi, қабылдайды және бекiтедi, қолданысқа енгiзедi және шығарады, олардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

министрлiктер, ведомстволар, ұйымдар, кәсiпорындар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер әзiрлеген құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған техникалық шарттар мен стандарттарға сараптау мен келiсудi қамтамасыз етедi;

инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың әдiстемелерiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейдi және енгiзедi;

республикалық бюджет қаражатының, инвестициялардың және Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн несиелердiң, тiкелей инвестициялар мен басқа да осындай көздердiң есебiнен қаржыландырылатын объектiлердi жобалау мен құрылысын салуға арналған мердiгерлiк тендерлердi ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады, тендерлердiң жеңiмпаздарымен жасалған келісім-шарттарды тiркеудi жүзеге асырады;

инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамыту стратегиясының жылдық жоспарларын әзiрлеуге қатысады;

Қазақстан Республикасының құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне талдау жасауға және болжамдар әзiрлеуге қатысады;

сәулет пен қала құрылысының жергiлiктi органдарымен бiрлесiп, қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен құрылысын салудың нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, аумақтардың, қала құрылысын реттеудiң айрықша режимiмен пайдаланылуына, тарихи қала құрылысы мұраларының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

республика аумағы бойынша Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзудi және оны ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

басқа да мемлекеттік органдар мен құрылыс ұйымдарының құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі қызметiн үйлестiредi;

өз құзыретiнiң шегiнде құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдары мен кәсiпорындарының қызметiн үйлестiрудi және әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

жылжымайтын мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi үйлестiру мен әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

құрылыста баға белгiлеуге, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзiндiк құнына талдау жүргiзедi, құрылыс өнiмдерiне бағаны қалыптастыру үшiн әдiстемелiк негiз әзiрлейдi, құрылыстың сметалық құнын анықтаудың тәртібін белгiлейдi;

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылыс саласындағы мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн басқарады, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырады;

сертификаттауға және құрылыс өнiмдерiне белгiленген тәртiппен сертификаттар беруге жәрдемдеседi;

Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын қызмет түрлерi бойынша лицензиар рөлiнде iс-әрекет етедi;

Қазақстан Республикасының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметi саласында мемлекеттік нормалардың, ережелердiң, басқа да мiндеттi талаптардың сақталуына, объектiлер мен кешендердiң мақсатына, меншiк нысандарына, шетел инвестицияларын қоса алғанда қаржыландыру көздерiне қарамастан, олардың құрылысының, қайта жаңартудың, күрделi жөндеудiң сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асырады;

белгiленген тәртiпте инвестициялардың, құрылысқа арналған жобалардың, сондай-ақ қала құрылысы құжаттамаларының техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

олардың арналу мақсатына қарамастан, республикалық бюджет қаражатының, инвестициялардың немесе мемлекеттiң кепiлдiгiмен шетелдiк несиелердiң есебiнен қаржыландырылатын объектiлердiң құрылысын салудың, кеңейтудiң және қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемелерi мен жобаларын бекітудiң тәртібін әзiрлейдi;

күрделi құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың мұқтажы үшiн озық технологияларды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлер құрылысының эксперименттiк, үлгiлiк және базалық жобалық шешiмдерiн әзiрлеудi және бекітудi ұйымдастырады;

жобалауда, құрылыс салуда, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын шығаруда, өндiрiсте және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер ұсынуда шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады;

еңбектi ұйымдастыру мен нормалауды жетiлдiру мәселелерi бойынша әдiстемелiк қамтамасыз етуге, сондай-ақ қолданылып жүрген тарифтiк-біліктiлiк анықтамалығына енбеген жұмысшылардың мамандықтары мен қызметшiлердiң лауазымдары бойынша тарифтiк-біліктiлiк сипаттамаларын әзiрлеуге қатысады;

ғылыми зерттеудiң бағыттарын айқындауға қатысады, республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын салалық ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын орындауды ұйымдастырады;

халықаралық ынтымақтастықтың жалпы жүйесiнiң аясында шетелдермен және халықаралық ұйымдармен құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстарды жүзеге асырады, ТМД елдерiнiң құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкiметаралық кеңесiнiң жұмысына қатысады;

құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында әлеуметтiк, экономикалық және техникалық саясатты әзiрлеуде қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жүргiзедi;

төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеуге қатысады.

IV. ҚҰҚЫҚТАРЫ

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 9-тармақ өзгердi

9. Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру барысында:

өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық нормативтiк актiлердi қабылдауға және бекітуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту салаларында атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге;

белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет-қала құрылысы қызметi саласындағы нормативтiк актiлерге қайшы келетiн актілері мен жекелеген шешiмдерiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату жөнiнен ұсыныстар енгiзуге, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жылжымайтын мүлiктi бағалау салаларында нормаларды, ережелердi, нұсқаулықтарды және әдiстемелiк құжаттарды қолдану мәселелерi жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдауға;

құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi жөнiнде басқа да орталық атқарушы органдар әзiрлеген заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;

белгiленген тәртiппен құрылыс өнiмдерiн сертификаттау жөніндегі сынақ лабораторияларын (орталықтарын) тiркеудi жүзеге асыруға;

заңдармен белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыруға;

қажет болған жағдайда заңдарда белгiленген тәртiппен өндiрiстiң басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың мамандарын сарапшылар ретiнде тартуға;

құрылыстың барлық сатысында құрылыс өнiмдерiн шығару кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалық құжаттамалар талаптарының сақталуына сәулет-қала құрылысы бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыруға, анықталған тәртiп бұзушылықтар үшiн заңдарда белгiленген санкцияларды қолдануға;

жергiлiктi құрылысты, сәулеттi, қала құрылысын, аумақтарда құрылыс салуды және мемлекеттік қала құрылысы кадастрын басқару органдарының қызметiне, әдiстемелiк басшылық жасау мен оны үйлестiрудi жүзеге асыруға; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсiпорындардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпараттар сұратуға және алуға;

қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқықтары бар.

10. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылданған шешiмдерi барлық басқару органдарының, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi.

V. ЖАУАПКЕРШIЛIГI

11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылы және сапалы атқарылуы үшiн жауапкершiлiкте болады.

12. Комитеттiң төрағасы:

мемлекеттік стратегиялар мен Комитеттiң басымдықты мақсаттарының iске асырылуы үшiн;

мемлекеттік басқару органдарының тұрғын үй және құрылыс саясаты мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру iсiнiң жай-күйi үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.

VI. ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

13. Комитеттiң жүйесiне жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау (Мемсараптау), мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы (Мемсәулетқұрылысинспекциясы), жылжымайтын мүлiктi бағалау (Меммүлiкбағалау) жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындары, сәулет-қала құрылысы қызметiн лицензиялаудың республикалық мемлекеттік орталығы (Мемқұрылыслицензия), Қазақ жер сiлкiнiсiне төзiмдi құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты (КазНИИССА) кiредi.

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 14-тармақ өзгердi

14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.

Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады.

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 15-тармақ өзгердi

15. Төраға:

Комитеттiң қызметiне басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;

белгiленген тәртiппен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзедi;

орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң мiндеттерiн бөледi;

Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, көтермелейдi және тәртiптiк жаза қолданады;

қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде Комитеттiң штаттық кестесiн, бөлiнетiн қаржының шегiнде аппаратты ұстауға арналған шығыстардың сметасын, сондай-ақ Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

Комитет бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;

лауазымы бойынша Комитеттiң Ғылыми-техникалық Кеңесiнiң төрағасы болып табылады;

қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша халықаралық қоғамдастықтар мен ұйымдарда мемлекеттік басқару органдарын бiлдiредi;

өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 16-тармақ өзгердi

16. Комитетте құрылыс, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы проблемаларды талдау, бағдарламаларды, жобаларды және нормативтiк-техникалық құжаттарды қарау және бекіту үшiн сәулет, құрылыс, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша Ғылыми-техникалық кеңес құрылады.

Ғылыми-техникалық кеңестiң жеке құрамы мен ол туралы Ереженi Комитет төрағасы бекiтедi.

17. ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен алынып тасталды

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда

18. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1997 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 1778 қаулысына

қосымша

ҚР Үкіметінің 08.12.98 ж. № 1256 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және

сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі

комитетiнiң (Қазқұрылыскомитетi)

ҚҰРЫЛЫМЫ

Басшылық

Тұрғын үй саясаты және коммуналдық шаруашылық басқармасы

Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасы

Сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қала құрылысы

кадастры басқармасы

Техникалық нормалау, жобалау және ғылым басқармасы

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң

Астана қаласындағы өкiлдiгi

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку