Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Республикалық ұлан туралы Ережені бекіту туралы, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығы (күші жойылды)

Республикалық ұлан туралы Ереженi бекіту туралы, Республикалық
ұланның ұйымдық құрылымын анықтау және санын белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы
18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығымен күші жойылды

Қаулы етемiн:

1. Республикалық ұлан туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

ҚР Президентінің 22.01.99 ж. № 30 Жарлығымен 2, 3-тармақтар күшiн жойды

2.

3.

4. Республикалық ұлан Қолбасшысы 1995 жылғы 25 желтоқсанға дейiн атқаратын мiндеттерiнiң сипаты мен көлемiне сәйкес сержанттар, старшиналар және прапорщиктер лауазымдарында контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң штаты мен тарифтiк разрядын бекiтсiн.

Қазақстан Республикасының Президентi

Қазақстан Республикасы Президентінің

1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығымен

Бекiтiлген

Республикалық ұлан туралы

Ереже

Осы Ереже "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және аталған Жарлықты жүзеге асыруға бағытталады.

I. Жалпы ережелер

1. Республикалық ұлан жеке, Қарулы Күштер Құрамына кiрмейтiн, арнаулы әскери құрама ретiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының негiзiнде құрылған және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығында белгiленген мiндеттердi орындайды.

2. Республикалық ұлан өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрықтары мен директиваларын, жалпы әскери жарғылар мен осы Ереженi басшылыққа алады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку