Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығы (күші жойылды)

Шет елдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығы

 

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 25 бабына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

           Келісілді:                         Қазақстан Республикасы
     Қазақстан Республикасының                Сыртқы істер министрінің
     Қорғаныс министрі                        2000 жылғы 18 қазандағы № 221
                                              бұйрығымен бекітілген
     2001 жылғы 29 қаңтар

 

Шет елдердегі Қазақстан Республикасының

азаматтарын есепке алу жөніндегі

Нұсқаулық

 

1. Жалпы ереже

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегi № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 25 бабына сәйкес, шет елдердегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi Қазақстан Республикасының келесi санаттағы азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады:

1) Консулдық округ аумағында тұрақты тұрып жатқандарды;

2) Консулдық округ аумағына уақытша келгендердi (iссапарға, оқуға, сынақ мерзiмiн өткізуге, өзара шарт бойынша жұмысқа, емделуге немесе жеке iстер бойынша келгендердi).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку