Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1039 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 1039 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.

2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін.

3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Мыналардың күшін жойылды деп танылсын:

1) «Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысы 9-тармағының 2) тармақшасы;

2) «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы;

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 345 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2000 жылғы 10 шілдедегі

№ 1039 қаулысына

қосымша

 

«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)»республикалық мемлекеттік

кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының

тізбесі

 

1. «Қолдау» еншілес кәсіпорны                    Алматы қаласы

2. «Военвтормет» еншілес кәсіпорны               Алматы қаласы

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции