«Капиталының теріс мөлшері бар банктердің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылы 31 желтоқсандағы № 485 қаулысы (күші жойылды)
“Капиталының терiсмөлшерi бар банктердiң акцияларын
мәжбүрлеп сатып алу жәнесату тәртібі туралы ережеге
өзгерістер мен толықтырулардыбекіту туралы”
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
1997 жылы 31 желтоқсандағы № 485 қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.03. № 113 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылы 11 шiлдедегi № 154-1 Қазақстан Республикасы Заңының күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылы 31 желтоқсандағы № 336 қаулысымен бекітілген капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ережеге Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Өртембаев А.К.) Банктiк қадағалау департаментiмен бiрлесiп (Абдуллина Н.К.) осы қаулыны және Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.К.) осы қаулыны және Капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және сату тәртібі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.F. Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
Документ утратил силу
Демо – версия документа