Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы № 577 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы № 1586 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы
№ 577 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы № 1586 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 23 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы № 577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 24, 250-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерге 1-қосымша, беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                    Қазақстан Республикасы

                                    Үкіметінің

                                    1999 жылғы 22 қазандағы

                                    № 1586 қаулысына

                                    1-қосымша

 

Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы

проценттік үстемеақылар туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін белгіленген тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар:

Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент Сенатының Төрағасына, Парламент Мәжілісінің Төрағасына, Премьер-Министріне, Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Премьер-Министрінің орынбасарларына - 30 процент мөлшерінде;

мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдеріне, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі төрағаларының орынбасарларына, Парламент Палаталары тұрақты комитеттерінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына - 20 процент мөлшерінде;

Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшыларының орынбасарларына, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі Аппараттарының Басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен жеке күзетінің бастықтарына - 15 процент мөлшерінде төленеді.

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку