Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 Қаулысы (күші жойылды)

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1262 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 391 Қаулысымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі бекітілсін.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы

27 тамыздағы

№ 1262 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін апталық оқу жүктемесінің нормативі мынадай болып белгіленсін:

20 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысы үшін;

18 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының негізгі және жоғары сатылары үшін;

18 сағат - кәсіптік бастауыш білім және кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін;

24 сағат - мектепке дейінгі ұйымдар үшін;

18 сағат - мектептен тыс ұйымдар үшін;

24 сағат - балалар және жас өспірімдер спорт мектептері үшін.

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку