Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөніндегі жоғары консультативтік кеңесінің мәселелері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1428 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөніндегі жоғары
консультативтiк кеңесiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1428 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөніндегі жоғары консультативтiк кеңесi туралы» 1994 жылғы 6-желтоқсандағы № 1979 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының құрамында құрылымдық бөлiмше құқындағы Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөніндегі жоғары консультативтiк кеңесi аппараты құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөніндегі жоғары консультативтiк кеңесi төрағасының басқа қызметтен босатылған орынбасары ақы төлеу, медициналық, тұрмыстық қамтамасыз ету және көлiк қызметiн көрсету жағдайы жөнiнде республика министрiне, ал жауапты хатшы-Кеңес аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiсiне теңестiрiлсiн.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөніндегі жоғары консультативтiк кеңесi аппаратын ұстауға 1994 жылдың соңына дейiн қажеттi қаражат бөлетiн болсын және оны республиканың мемлекеттік басқару органдары бойынша 1995 жылғы арналған бюджетте қарастырсын.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 

                                      Қазақстан Республикасы

                                      Министрлер Кабинетінің

                                      1994 жылғы 21 желтоқсандағы

                                        № 1428 қаулысына

                                               Қосымша

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және техника

жөніндегі жоғары консультативтiк кеңесi

аппараты лауазымдарының

ТIЗБЕСI МЕН САНЫ

----------------------------------------------------------------
       Лауазым атауы                 Бірлік саны
----------------------------------------------------------------
Кеңес төрағасының басқа
қызметтен босатылған орынбасары                 1
Кеңестiң жауапты хатшысы-аппараты
басшысы                                         1
Консультанттар                                  5
Аға маман                                       1

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку