(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КӨЛІГІ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» ЖАБЫҚ АКЦ...
"Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік
қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 2 мамырдағы № 591 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2023 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай-газ саласының жұмысын жүйелеу және магистральдық құбыр желiлерiн басқарудың бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 2-тармақ алынып тасталды
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi - көмiрсутектi шикiзаты сату, тасымалдау және мұнай-газ құбырларын пайдалану мәселелері бойынша маркетинг, қаржыландыруды ұйымдастыру, техникалық-экономикалық негiздемелердi әзiрлеу, мұнай-газ құбырларының нобайын жобалау мен құрылысын салу, сондай-ақ мұнай-газ көлiгі саласындағы мемлекеттiң мүдделерiн қорғау және бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында белгiленген тәртiппен көмiрсутектi шикiзатты тасымалдау жөніндегі Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық жобаларына қатысу деп айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен (бұдан әрi - Министрлiк) бірлесіп 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың акцияларының бұдан бұрын берілген мемлекеттік пакеттерін "ҚазТрансойл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" (бұдан әрi - ҰМТК) жабық акционерлік қоғамының мүлкi (активтерi) құрамынан шығаруды және осы акциялар пакеттерiн беру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа