«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 829 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 829 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелерінің;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар - мемлекеттік мекемелердің атауы өзгертілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй.»;
15-тармақтың 207) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«207) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасы мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;»;
Министрліктің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Астана қаласының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті.»;
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Демо – версия документа