(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.12.04 № 296 ҚАУЛЫСЫ
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 Қаулысы
(2010.29.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабы 1-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 12 сәуірдегі
№ 296 қаулысымен
бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу
ережесі
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі азық-түлік ресурстарына қатысты мониторинг жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету өлшемдері мыналар болып табылады:
1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
3) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің кепілі.
3. Мониторинг жүргізудің мақсаты азық-түлік тауарларына нақты және экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша уақтылы және жедел шаралар қабылдау болып табылады.
4. Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:
1) деректерді жинау;
2) деректерді өңдеу;
3) деректерді сараптау.
5. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі:
1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
Редакция документа
Демо – версия документа