(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ЕМЕС ҰШУДЫ ОРЫНДАУҒА РҰҚСАТТАР ...
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығы
(2017.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.23.05. № 287 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес және жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.23.05. № 287 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Министрдің міндетін атқарушы |
Д. Көтербеков |
Көлік және коммуникация министрі
міндетін атқарушының
Редакция документа
Демо – версия документа