Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 332 Қаулысы (күші жойылды)

 «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 332 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:

1) заңды тұлғалар үшін - жалдамалы жұмыскерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы, ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку