Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 және «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 737 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 және «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 737 Қаулысы

 

2-тармаққа сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары (бұдан әрі - Комиссар) өз қызметін жүзеге асырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Комиссардың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»;

20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Комиссар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.»;

мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

«21-1. Комиссардың өкілеттігі:

1) ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - көрме) ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку