(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2013.27.08 № 623 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережесін бекіту туралы» Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 483-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2013 жылғы тамыздың 27-і.
№ 623
Қазақстан Республикасы Президентінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 623 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің
2004 жылғы 11 қазандағы
№ 1457 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау,
қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа