«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына 4-қосымша) (2018.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің2016.29.02. № 100 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 301 бұйрығына
4-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның,
олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2018.27.03. № 469 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет), мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11384 тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
Документ утратил силу
Демо – версия документа