«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына 4-қосымша) (2018.05.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен 2019 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.28.01. № 46 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
4-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам,
олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
(2018.05.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018.05.01. № 24 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018.05.01. № 24 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияда:
Документ утратил силу
Демо – версия документа