(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІСІНЕ ЖАТПАЙТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒА...
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 233 бұйрығына
4-қосымша
«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері
жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:
1) Министрлік кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
1) Орталыққа және Министрлікке:
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) түпнұсқасын беру қосымша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті тапсырған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Қабылдау күнінде Орталыққа жүгіну кезі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;
Редакция документа
Демо – версия документа