Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ...

Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің, сондай-ақ олардың мәнiнiң сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң түрлерін белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 Қаулысы

(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 20 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.23.11. № 113 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

1) мынадай пруденциалдық нормативтер:

мәні күн сайын кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;

мәні күн сайын:

2018 жылғы 1 шілдеден бастап - кемінде 1,2;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,3;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде 1,4 болатын өтімділік коэффициенті;

2) пруденциялық нормативтердің мәндерін сақтауды сипаттайтын мынадай көрсеткiштер:

өтімді активтер;

баланс бойынша міндеттемелер;

меншікті капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға тиiстi пруденциялық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары бекітілсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку