Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ Ж...

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 29 қарашадағы

№ 790 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік

 жоспарлау жүйесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) - елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылды қоса алғанға дейін) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестерінен және оған қатысушылардан тұратын өзара байланысты элементтер кешені.

2. Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын өсіруге және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.

 

 

1.1. Негізгі ұғымдар

 

3. Осы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның санмен берілетін мәні;

2) нәтиже көрсеткіші - міндеттің шешілу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку