(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘС...
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығы
(2023.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.30.03. № 270 бұйрығымен атауы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.30.03. № 270 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа