Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 228 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 228 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9823 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (28516) «Егемен Қазақстан» газетінде және 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Комитеттің функциялары:

1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісім шарттарды әзірлеу;

2) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге белгіленген заңнамалық тәртіпте құқықтық мониторинг жүргізу;

3) Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

4) Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз ету;

5) Комитеттің құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку