Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 334 бұйрығы

«Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 334 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

 

Н. Ногаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және

инфрақұрылымдық даму

министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку