(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОЙЫН АВТОМАТТАРЫ ЗАЛЫ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУ ҮШІН ЛИЦЕ...
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 8 шілдедегі
№ 195 Бұйрығына
2 қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалар
(2024.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.26.12. № 342 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүгінеді.
Редакция документа
Демо – версия документа