«Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 383 бұйрығы
«Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 383 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.»;
5, 6, 7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.
Демо – версия документа