Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 438 бұйрығы

«Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 438 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 17 наурызда № 10467 болып тіркелген, № 83 (28561) 2015 жылғы 3 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,

 

мұнда:

Ап - жылына мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі;

Рбс - 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;

S - жалға алынатын алаң, шаршы метр;

Кт - құрылыс үлгісі ескерілетін коэффициент;

Кк - тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;

Кск - қолайлылық дәрежесін ескерілетін коэффициент;

Кр - аумақтық орналасуын ескерілетін коэффициент;

Квд - жалдаушының қызмет түрі ескерілетін коэффициент;

Копф - жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку