(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР...
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 Қаулысы
(2017.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің аумақтық органдары - республикалық мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі осы қаулының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа