«Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығы (2021.09.03. берілген өзгерістермен)
Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 82 бұйрығы
(2021.09.03. берілген өзгерістермен)
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
Демо – версия документа