(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ САНАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАСЫ МЕН МЕРЗІМДЕРІН ...
Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 3 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2006 ж., № 42, 459-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2008 ж.,№ 16,149-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 10-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 11 қазандағы
№ 1049 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдері
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа