«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы (2021.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қаулысы
(2021.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.15.03. № 114 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар);
2) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары;
3) жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2018.03.07. № 405 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын, басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын мемлекеттік ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдары (бұдан әрі - ірі ұйымдар) бойынша:
1) 1-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;
2) жергілікті атқарушы органдар 2-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесін бекітсін;
3) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға 3-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын.
3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдардың тізбесін бекіту;
Демо – версия документа