(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕР БЕЛГІЛЕУ КОДТ...
Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 Қаулысы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.27.08. № 74 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 47) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Редакция документа
Демо – версия документа