(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 28 МАУСЫМДАҒЫ № 702 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 702 қаулысы
(2008.04.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Yкіметінiң 2002 жылғы
28 маусымдағы № 702 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 35, 328-құжат):
тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттік өкiлдер енгiзiлетiн акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазМұнайГаз» ҰK» ЖАҚ»;
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттік республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын.
3. «Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 94-құжат):
Редакция документа
Демо – версия документа