Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім (Астана қ., 2015 жылғы 24 маусымда) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы

келісім
(Астана қ., 2015 жылғы 24 маусымда)

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 17-17/19197-И Хатымен 2022 ж. 21 сәуірден бастап күші жойылды

 

ҚР 2016 жылғы 29 ақпандағы № 463-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланды

2016 жылғы 5 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

өзара достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери саладағы ынтымақтастыққа ұмтыла отырып,

1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,

Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту қажеттілігіне сүйене отырып,

Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерін дамытуда жәрдем көрсету мақсатында,

өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету үшін құқықтық база құруға ниет білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар:

Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады.

Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

 

 

3-бап

 

Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку