Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 107 бұйрығы

 «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шiлдедегi № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 107 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау және талдау тәртібін айқындайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:

1) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

2) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

3) ойын автоматына технологиялық салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәлімет;

4) лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдері санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер;

5) кассалар тізімі мен қызметкерлер саны туралы мәліметтер;

6) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы туралы мәліметтер;

7) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз етудің сомасы туралы мәліметтер;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку