(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА КАДРЛ...
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 998 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 10 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру
әдістемесі
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ішкі істер органдары қызметінің міндеттері мен мақсаттарына және стратегиялық даму басымдылықтарына сәйкес кадрлық әлеуетті сақтау және арттыру мақсатында орта мерзімді перспективаға кадрлардағы сандық және сапалық қажеттілікті айқындауды және осы қажеттілікті қамтамасыз етуді реттейді.
2. Ішкі істер органдарында кадрлық болжам кадрлық жағдайды талдау негізінде жүзеге асырылады және кадрлардағы сандық және сапалық қажеттілікті үш жылға айқындаудан тұрады.
3. Кадрлық жағдайды талдау кадрларды жасақтау бойынша кадр жұмысының статистикалық деректерін зерделеу және салыстыру, ішкі істер органдарының қызметіндегі үрдістерді және заңдылықтарды зерделеу арқылы жүзеге асырылады.
4. Түзетілген экстраполяция әдісі кадрлық болжамның негізін қалаушы әдіс болып табылады, ол ішкі істер органдарының қызметінде болып жатқан және болжанатын өзгерістерді түзете отырып, кадр жұмысының қазіргі көрсеткіштерін келесі кезеңге ауыстыруды қамтиды.
5. Кадрлық болжам үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Кадрлық болжамның кезеңі болжам жылының төртінші тоқсаны болып табылады.
Кадрлық болжамды ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері жыл сайын ұсынатын кадр жұмысы бойынша статистикалық деректерді талдау негізінде Ішкі істер министрлігінің Кадр қызметі (бұдан әрі - Кадр қызметі) жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері жоспарлау жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде Кадр қызметіне кадрлық жағдайды талдау есептілігін, кадрлық болжамға кадрларға қажеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі нақты іс-шаралар түрінде ұсыныстар жолдайды.
1) кадр әлеуетін және оның соңғы үш жылда өзгеруін бағалау;
Редакция документа
Демо – версия документа