(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ М...
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі есебінен серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының 1-3-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі - серіктестіктер) бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
5. Серіктестіктер қызметінің негізгі нысанасы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа