«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 647 Қаулысы
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 647 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «БҚМУ» КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі «БҚМУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «БҚМУ» КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) «БҚМУ» КеАҚ атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және «БҚМУ» КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;
3) «БҚМУ» КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) «БҚМУ» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қазандағы
Демо – версия документа