(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН БАНКТІҢ, САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА СА...
Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 190 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын тағайындау және босату қағидаларын және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8411 тіркелген, 2013 жылғы 21 маусымда «Заң газеті» газетінде № 91 (2292) жарияланған);
Редакция документа
Демо – версия документа