«Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 Қаулысы (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 Қаулысы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Демо – версия документа