Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығы (2023.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығы

(2023.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 552 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2022.25.02. № 217 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 688 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12672 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған);

2) «Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есеп дайындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 688 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 шілдедегі № 628 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17177 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 30 шілдеде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции