(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 392 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру Мекеме қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемелекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін Мекемеге беруді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа