Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 158 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 158 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтардың:

1) «Өнеркәсіптік меншік объектісі авторының қорғау құжаты мен жеке куәлігі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 53-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3907 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 жылы № 41-44);

2) «Өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатының және автордың куәлігінің нысандарын бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 53-п бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4649 санымен тіркелген, 2007 жылғы 10 тамыздағы №122 (1325) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку