(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі - Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже;
2) Ұлттық комиссияның құрамы;
3) Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 тамыз
№ 141
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 27 тамыздағы
№ 141 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі - Ұлттық комиссия) Президенттік жастар кадр резервін (бұдан əрі - Резерв) қалыптастыру мақсатында құрылады.
2. Ұлттық комиссия өз қызметінде Қазақстан Респуб ликасының Конституциясын, Қазақстан Рес публикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін жəне осы ережені басшылыққа алады.
2. Ұлттық комиссияның міндеттері
ҚР Президентінің 2022.31.12. № 77 Жарлығымен (2023 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.22.12. № 418 Жарлығымен (2023 ж. 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Ұлттық комиссияның міндеттері:
1) Резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру;
2) Резервке алу, Резервтен шығару туралы мəселелерді шешу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Резервті қалыптастыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Редакция документа
Демо – версия документа